«Соңғы жылдары Ыстықкөлдегі су деңгейі 1 метрге көтерілді. Бұл көл маңындағы егіншілікке арналған жерлердің көбі пайдаланылмағандықтан болып отыр. Яғни, оны суаруға көлден су алынбайды», - деді ғалым.
Күннің жылып, мұздықтардың еруі екінші себеп екені аталып өтілді. Осы екі себепке байланысты Ыстықкөлге құятын өзендер көлге су құйып, оны толтырып жатыр. Д.Маматканов көлдегі судың көбеюі уақытша құбылыс деп отыр. Оның пайымынша, 10-12 жылдан кейін су деңгейі төмендей бастайды. Ыстықкөлге 80-ге жуық бұлақ пен өзен құятыны белгілі.