Ю.Цхай: Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Астанадағы әлем чемпионатында жеңіске ұмтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бокс федерациясының вице-президенті, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий цЦхай бірнеше күннен кейін Астанада ашылатын бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында біздің команда ойдағыдай өнер көрсететініне сенімді, деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.

- Әйелдер командасы жеңіске жетуге ұмтылады, - бұл табыстың басты шарты. Әрине, оларға қарсылас командалар да осал емес, сондықтан да қыздардың өз елінің қолдауын сезінуі аса қажет. Сайыста чемпиондық атақпен қатар, Олимпиадаға жолдамалар да ойналады. Мен барлық спортшылар, Қазақстандық бокс федерациясы мен жаттықтырушылар атынан жұртшылықтың 19 мамырда Астанадағы «Барыс Арена» кешеніне келіп, біздің командаға жанкүйер болуларын сұраймын, - деді ол.

Чемпионат 19 мамырда «Барыс Арена» кешекнінде сағат 18-де ашылады. Ұйымдастырушылар оны жаңа технологияларды қолдана отырып, тамаша шоу түрінде өткізбек. Чемпионаттың ашылу салтанатына Халықаралық Олимпиада комитетінің және Халықаралық бокс қауымдастығының мүшелері де қатысады.