«Украинаның премьер-министрі қызметінен үміткер ретінде ұсынылғаным туралы ақпарат мен үшін күтпеген хабар болды. Бұл мәселеде менімен ешкім ақылдасып, келіскен жоқ. Әрине, көрсетіп жатқан құрметтеріңізге алғысымды білдіремін, алайда мені үкімет басшысының орнынан үміткер ретінде қарастырмауларыңызды сұраймын», - делінген Тимошенконың мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Тимошенконың кандидатурасы бүгін Арсений Яценюк және Петр Порошенкомен қатар үкімет басшысы лауазымының орынтағынан үміткер ретінде аталып өткен еді.