11:09, 12 Маусым 2009
Ю.Тимошенко Украинада референдум өткізуді ұсынды
КИЕВ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – Украина Премьер-Министрі Юлия Тимошенко мемлекеттегі билік формасын таңдау жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Бұл мәлімдемені Украина премьері жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында жасады. Тимошенко ханым, ол жетекшілік ететін блоктың осыдан бірнеше жыл бұрын осындай сауалнама жүргізу үшін 6 миллиондай қол жинағанын, бірақ Украина Президенті ол жұмысты тоқтатып тастағанын еске салды. Ю.Тимошенко, егер президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, осындай референдум жариялауға уәде берді. Мемлекет басшысы лауазымында бола тұрып, егер халық биліктің парламенттік түрін таңдаса, өз өкілеттігімнің аясын тарылтуға әзір боламын, деді премьер ханым. Ол сондай-ақ елде қос биліктің болуы мүмкін емес екенін атап көрсетті.