Юградағы мұнай резервуарлары өртінің құрбандары саны көбейіп келеді

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Нақтыланған мәліметтер бойынша, Ресей Федерациясының Ханты-Мансы автономиялық округінде мұнай резервуарларының өртенуі салдарынан екі өрт сөндіруші қаза тапқан, бір адам із-түзсіз жоғалған, төрт өрт сөндіруші күйік жарақаттарымен ауруханаға түскен.

 Бұл туралы Ресейдің  Төтенше жағдайлар  министрлігінің    ақпарат басқармасына  сілтеме  жасап РБК агенттігі  хабарлады.

 Өрт    Урай стансасынан   солтүстік-батысқа   қарай  120 шақырымдай     жерде  орналасқан   «Конда»    мұнай айдау  стансасының      резервуарлық    паркіндегі  тауарлы мұнай  құйылған   8 резервуардың біріне    найзағайдың  түсуі салдарынан    басталған.      Өрт  бой бермей  жатыр.     Оқиға  орнында   қазір     Ресейдің  Төтенше жағдайлар министрлігі  Орал  аймақтық  орталығының   жедел штабы жұмыс істеп  жатыр.