ТОКИО. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Жапонияның Демократиялық партиясының жетекшісі Юкио Хатояма сәрсенбі күні Парламенттің төтенше сессиясында басым дауыспен елдің жаңа Премьер-министрі болып сайланды. Жаңа премьер жетекшілік ететін Жапонияның Демократиялық партиясы тамыздың 30-ында Парламенттің төменгі палатасына өткен сайлауда жеңіске жеткен болатын,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Елдің жаңа премьері сайлаудан кейінгі жаңа Парламенттің бірінші отырысында сайланып отыр. Демократиялық партияның жетекшісі 480 дауыстың 327-сін алды.
Жапонияның Демократиялық партиясы 480 мандаттың 308-ін алып, Парламенттің төменгі палатасына өткен сайлауда жеңіске жеткен еді.