2003 жылы Ресей билігі сол кезде елдегі ірі мұнай компаниясын экономикалық қылмыс жасады деп айыптаған. Компанияның бірқатар басшылары бас бостандықтарынан айырылды, негізінен алаяқтық пен салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған. Соның салдарынан ЮКОС банкротқа ұшырады, оның активтері мемлекеттік "Роснефтьге" кетті. Концерн акционерлері Гаагадағы төрелік сотқа жүгінді, олар 114 млрд. доллар өтемақы талап етті. Сот өз шешімін 28 шілдеде жариялайды деп күтілуде.
Дереккөздердің басылымға айтқанындай, 18 шілдеде сот бір ауыздан Group Menatep Limited талап-арызын қанағаттандыруды шешті. Ресей Энергетикалық хартияны бұзды және ЮКОС-ты активтерінен айырды деп қаулы етті.
Бұл ретте сот ЮКОС-тың Мордовиядағы «жалған» құрылымдар арқылы салық төлеуден жалтаруға тырысқанымен келісті. Компания акционерлеріне 50 миллиард доллар өтемақы төлеп, 65 миллион сот шығысының орнын толтыру үкімі шығарылды, деп жазады газет.
Энергетикалық хартия шартының ережесіне сілтеме жасай отырып GML талап-арыз берді. Шарт сауда-саттықты, инвестицияларды қорғауды, транзит қағидасын, сондай-ақ көп жақты негізде дауларды шешудің міндетті рәсімдерін шешуді қамтиды.
Әрі, бұл құжатқа қол қойған Ресей оны ратификацияламайтынын хабарлады, олар алдымен оларға байланысты бірқатар мәселелерді реттеу қажет деп санайды. Құжатты «уақытша негізде» қолдануда - себебі ол Ресей заңдарына қайшы келмейді.
«Коммерсант» дереккөздері 2009 жылы сот Ресей энергохартияны қабылдауға міндетті деген шешім қабылдаған еді.
Сот шешіміне сәйкес Ресей 2015 жылдың 15 қаңтарына дейін өтемақыны төлеуі мүмкін, содан кейін пайыздарды аударуды бастайды, деп жазады газет. Шешімге Нидерланды соттарына шағымдануға болады.