Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, аталған кешкі аста Өзбекстан халық әртісі Юлдуз Усманова отандасына қолдау танытып ән шырқады.
00:44, 06 Наурыз 2016
Юлдуз Усманова Рамзан Қадыровтың кешінде спортшылар үшін ән салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Грозный қаласында (Астана уақыты бойынша түнгі 1:00-де) өзбек боксшысы Руслан Чагаев WBA чемпионы титулын екінші мәрте қорғап қалу үшін австралиялық нокаутшы Лукас Браунмен қолғап түйістіреді. Осыған байланысты 5 наурыз күні Грозный қаласында ел президенті Рамзан Қадыров салмақ өлшеу рәсіміне дейін салтанатты кешкі ас ұйымдастырды, деп хабарлады podrobno.uz.