АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Юлия Галишева Қытайдың Secret Garden тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік , отандасымыз кеше, жарыстың алғашқы күні ел қоржынына күміс медаль сыйлаған болатын. Осылайша әлем кубогының кезеңінде ол бір күміс, бір алтын медальға қол жеткізді.
Юлия Галышева гранд-финалда 80,88 ұпай жинап, бас жүлдені еншілесе, екінші орынға 80,08 ұпаймен америкалық Джаэлин Кауф ие болды. Ал үздік үштікті канадалық Анди Нод (80,03) түйіндеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.