Бірінші күні могулдың жекелей сынында 10 елден келген 64 ер мен әйел жарысты. Қазақстандықтар құрамында финалға әйелдер арасында Юлия Галышева пен ерлер арасында Павел Колмаков шықты.
Олимпиада-2018 қола жүлдегері және әлем чемпионы Юлия Галышева суперфиналда бірінші орын алып, 84.82 ұпай жинады. Ал, Павел Колмаков жарыстың шешуші бөлігіне іріктеуден өте алмады. Ол 75.84 ұпаймен 12 орынға жайғасты.