АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева АҚШ-тың Дир Вэлли қаласында өтіп жатқан могулдан Әлем кубогының бесінші кезеңінде суперфиналға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отандасымыз жарысты 15-ші орында аяқтады. Бұл сында франциялық Перин Ляфонт бас жүлдені ұтып алса, екінші және үшінші орындарға америкалық қос спортшы Джаэлин Кауф пен Морган Шилд ие болды.
Тағы бір жерлесіміз Аяулым Әмренова іріктеу кезеңнен өте алмады.
Могулдан әлем кубогының V кезеңі, Дир Вэлли, АҚШ
1. Перин Ляфонт (Франция) - 81.88
2. Джаэлин Кауф (АҚШ) - 79.57
3. Морган Шилд (АҚШ) - 78.93
15. Юлия Галышева (Қазақстан) - 68.85
41. Аяулым Әмренова (Қазақстан) - 58.46
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.