АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық фристайлшылар Жапонияның Тадзавака қаласында өтетін әлем кубогының кезеңінде сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған додада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алған Юлия Галышева да бар. Сондай-ақ, ерлерден Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та әлем кубогы кезеңінде сайысқа түседі.
Естеріңізге сала кетсек, Дмитрий Рейхерд могулдан әлем кубогының жалпы есебінде екінші орында келеді, Павел Колмаков - 16-сатыда. Әйелдер рейтингісінде Юлия Галышева 6-орынға жайғасқан.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.