Юлия Галышева: Жеңістің дәмін енді сезініп жатырмын
Жүлдегерді күтіп алуға спорт мектебінің түлектері, Спорт қоғамының мүшелері, Спорт академиясының студенттері, 2010 жылғы қысқы Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева келді.
«Мені жақындарым ғана емес, бүкіл туған жерім қолдағанына қуаныштымын. Жеңістің дәмін қазір сезініп жатырмын. Мені осы уақытқа дейін сонша бейнекамера түсірмепті. Бұл медаль мен үшін өте маңызды. Үйімнің төріне іліп қоямын», - деді фристайл могулшы қыз.
Юлия Галышева қола жүлдесі алтынға пара-пар екендігін жеткізді.
«Өкініш жоқ. Көрсеткен өнеріме сай баға алдым. Қарсыластарыммен 8 жылдан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Іштарлық, қызғаныш деген болмады»,- деді ол.
Спортшысының жеңісін бапкері де жоғары бағалады.
«Галышева жеңіске әуел бастан дайын болды. Үшінші орын - алтын емес әрине, бірақ келесі Олимпиадада Юлия жақсы нәтиже көрсететініне сенім мол», - деді Елена Круглыхина.
Айта кету керек, могулшы қыздар Алматыда бірақ күн болады да, Жапония, Швейцария, Франция елдеріндегі Әлем кубогының кезеңдеріне аттанады.
Юлия Галышева жалпы есепте 5-ші болып тұр.
Ал шаңғы акробатикасының өкілдері өкінішке орай медаль ала алмады.