Юлия Путинцева алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева испаниялық Карла Суарес Наварроны жеңіп, спорттық мансабында алғаш рет Франция ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») ширек финалына шықты, - деп хабарлады Vesti.kz.

Бүгін 1 мамырда өткен кездесу екі партияда 7:5, 7:5 есебімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.
Бастапқыда бұл ойын 30 мамырда өтуі тиіс болатын. Парижде жауын болғандықтан кейінге қалдырылған.
21 жастағы Путинцева әлемнің 60-шы ракеткасы екенін атап өткен жөн. Ал 27 жастағы Суарес Наварро WTA рейтингінде 14-ші орында.
Путинцеваның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямс болмақ.