Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирді сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен кездесті.

Ю.Путинцева 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 3 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 1 эйспен ғана шектелді.

Ю.Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, мысырлық Майар Шериф немесе рейтингте 77-сатыдағы испаниялық Нурия Парризас-Диастың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Тимофей Скатовтың іріктеу сайысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz