Алғашқы ойыншылардың бетпе-бет кездесуі 1 сағат 44 минутқа созылды. Бұл уақытта Юлия алты брейк жасады да екі рет қатеге жол беріп алды. Өз кезегінде, 25 жастағы Ализе төрт брейк-пойнт жасап, соққан кезде екі рет қателесті.
Путинцеваның қарсыласы Collector Swedish Open турнирінің ¼ финалында америкалық Серена Уильямс пен чехиялық Клара Коукалованың арасындағы айқастың жеңімпазы болады.