НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған сербиялық Александра Круничпен кездесті.
Сербиялық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Крунич 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
Сербиялық теннисші финалда әлемнің 53-ракеткасы, мажарстандық Анна Бондарь немесе рейтингте 130-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Өткен жылы осы додада Ю.Путинцева чемпион атанған болатын. Биыл жартылай финалдан аса алмай, рейтингілік ұпайларын жоғалтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).