Юлия Путинцева Гамбург жарысын жеңіспен бастады
19:52, 24 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Германияда Гамбург WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 6-ракеткасы Ю. Путинцева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 184-орында тұрған франциялық Эльза Жакемомен өткізді.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Ю. Путинцева 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Қарсыласы 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін корт иелері, әлемнің 106-ракеткасы Юле Нимайер немесе рейтингте 305-сатыдағы Элла Зайдельдің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің әлемнің 45-ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Юлия Путинцева Гамбург турнирінде өнер көрсетеді.
Михаил Кукушкин Президент кубогы турнирінің екінші айналымына шықты.