АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева мен оның жұбы - ресейлік Анна Калинская Гвадалахарада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында қытайлық И-Фань Сю мен Чжаоксюан Янгтан 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қарсыластар кортта 57 минут өткізді.
И-Фань Сю мен Чжаоксюан Янг Мексикадағы жарыстың ширек финалына шығу үшін ресейліктер Анастасия Потапова - Яна Сизикова жұбымен немесе француздық Ализе Корнет пен швейцариялық Жиль Тайкман жұбымен күш сынасады.
Фото: sports.kz
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.