Юлия Путинцева Рабат қаласындағы турнирде ширек финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юлия Путинцева Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың екінші айналымында қазақстандық теннисші германиялық Татьяна Марияға еш мүмкіндік бермеді - 6:0, 6:2.

Енді ширек финалда Путинцева Кики Бертенс (Голландия)/Сара Сорибес Тормо (Испания) жұбының жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлайды prosportkz.kz.