Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 118-орында тұрған испаниялық Алена Большовамен кездесті.
Бірінші партияда испаниялық спортшы басым түсті – 6:2. Екіншісінде Юлия тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:2).
Үшінші, шешуші сетте Ю.Путинцева бастапқыда жеңіліп жатып, таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.
Екі сағат 50 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 18 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) дараланды.
Юлия Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, сербиялық Ольга Данилович немесе рейтингте одан бес саты төмен тұрған болгариялық Виктория Томованың біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілер Уимблдонда қанша табыс тапқанын жазған едік.
Елена Рыбакина енді АҚШ-тағы турнирлерге дайындалатынын айтты.
Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына кірді.
Тимофей Скатов жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті.