WTA жаңартылған рейтингісінде 42-ші орында тұрған Путинцева екінші раундыда неміс Карине Виттхефтіге үш сетте 1:6, 7:6, 1:6 есебімен жол берді.
Еске сала кетейік, бірінші айналымда Юлия Германияның тағы бір өкілі - Сабин Лисицкиді 6:1, 6:2 есебімен ұтқан болатын. US Open екінші айналымына шыққаны үшін қазақстандық теннисші 77 мың доллар табыс тапты және рейтингіде 70 ұпай жинады.