Әлемнің бірінші ракеткасы атағын жапондық Наоми Осака сақтап қалды. Екінші орынға румыниялық Симона Халеп көтерілсе, үштікті чехиялық теннисші Петр Квитов тұйықтап тұр.
Қазақстан өкілі Юлия Путинцева алты орынға көтеріліп, 38-ші орынға жайғасты. Зарина Дияс 15 позицияны жоғалтып, ТОП-100 рейтингінен шығып қалды - 107. Қазақстандықтар арасында алғашқы жүздікке жақындағандардың ішінде Елена Рыбакина өз орнын 20 позицияға жақсартып, 143-ші болды.
Жұптық разрядта Галина Воскобоева 63-орыннан 62-ге көтерілді.