Юлия Путинцева WTA рейтингінің ТОП-50-іне қайта оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) апта сайынғы кезекті рейтингі жарияланды, деп хабарлады Sports.kz.

Бірінші орында бұрынғыша чехиялық Каролина Плишкова қалды, екінші - румындық Симона Халеп, үшінші орында испандық теннисші  Гарбинье Мугуруса.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева болса екі сатыға жоғары көтеріліп, ТОП-50-ді тұйықтады. Ярослава Шведова   81-орында қалды. Зарина Дияс бір сатыға төмен түсіп, 108-болды.  Жұптық разрядта Шведова  23-орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, осы күндері Американың Нью-Хейвен қаласында өтіп жатқан турнирде Юлия Путинцева өзінің алғашқы матчында жеңіліс тапты.

Путинцева француз Ализе Корнеге 0:6, 0:6 есебімен ұтылды.