АСТАНА. ҚазАқпарат – Теннистен Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 59-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен шеберлік байқасады. Бұл Ю. Путинцеваның 2023 жылдағы бірінші ойыны болмақ.
Бұдан бұрын Юлия жаңа жыл қарсаңында Аустралияның Брисбен қаласында United Cup командалық турнирінде Қазақстан құрамында өнер көрсетіп, швейцариялық Белинда Бенчич пен әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентектен ұтылып қалған еді.
Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Хобарт жарысы 9 қаңтарда басталып, 14-інде мәреге жетеді. Содан кейін 16 қаңтарда жылдың басты додаларының бірі – Аустралия ашық чемпионаты басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Дияс тенниске қашан қайта оралатынын айтқан еді.
Ал, Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирде әлемнің сегізінші ракеткасымен ойнайды.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).