АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Юлия Путинцева испандық спортшы Ребека Машаровамен кездесіп, үш сетте 7:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңілді. Матч жартылай финалдың іріктеу кезеңінде өтіп, 2 сағат 11 минутқа созылды.
Ойын барысында қазақстандық спортшы үш рет қос қателік жасады.
Іріктеу финалында испандық спортшы британдық теннисші Хизер Уотсонға қарсы ойнайтынын еске сала кетейік.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)