АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен түйіндеді.
Қазақстандық теннисші іріктеудің финалында әлемнің 46-ракеткасы, чехиялық Мари Боузковамен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте тай-брейкте азулы қарсыласын тықсырды – 7:6 (7:0).
Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсекеде Ю.Путинцева 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Боузкова 1 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Юлия Путинцева Аделаида турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Путинцеваның Аделаида турнирінде алғашқы қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик Гонконг турнирінің финалына жолдама алды.
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).