АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 23-ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 16-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен бетпе-бет келді.
Қос партия да 6:4, 6:4 есебімен аустралиялық спортшының пайдасына шешілді.
Бір сағат 16 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 2 эйспен бірге 1 брейк-пойнтты пайдалана білді. Анисимова 3 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Аманда Анисимова жартылай финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 11-ракеткасы Эмма Наварро немесе рейтингіде 34-орындағы Эшлин Крюгердің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстон турнирінің үшінші айналымына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).