Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жылды сәтті бастап, әлемдік рейтингіде 29-дан 25-орынға көтерілді.

Бұл оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші болып есептеледі. 2017 жылы Ю.Путинцева 27-сатыдан көрінген еді. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 6-орнын сақтап қалды.

Брисбен WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанған Беларусь өкілі Арина Соболенко бұрынғыша көш басында. Брисбенде үшінші айналымда Ю.Путинцева осы А.Соболенкоға жол берген еді. 

Поляк Ига Швентек пен америкалық Кори Гауфф әлемдік рейтингіде үздік үштікте.

Жұптық сында Анна Данилина 22-ден 23-ке, Ю.Путинцева 110-нан 111-ге, Жібек Құламбаева 150-ден 156-ға сырғыды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Аделаидада Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңгенін жазған болатынбыз.