Юлия Путинцева Бейжіңде негізгі жарысқа жолдама алды

Фото: Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 68-ракеткасы, ресейлік Элина Аванесянмен шеберлік таластырды.

Ю.Путинцева бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Э.Аванесянды 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық спортшы 5 брейк-пойнтты шашау шығармай пайдаланды. Ресейлік теннисші 1 брейк (2 брейк-пойнт) жасай алды.

Осылайша, Юлия Путинцева негізгі жарысқа өтті. Оның қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бейжің турнирінде Азиада чемпионымен ойнайтынын жазған болатынбыз.