Юлия Путинцева Дубай додасының іріктеу сайысын сәтті бастады
18:00, 16 Ақпан 2024
ДУБАЙ. KAZINFORM - Қазақстанның екінші, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында Мали өкілі Коумба Бен Мамадау Нянгадаумен шеберлік байқасты.
Юлия Путинцева 50 минутта қарсыласын ойсырата ұтты - 6:1, 6:1. Ол 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ.
Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында Польша өкілі, әлемнің 52-ракеткасы Магдалена Фрешпен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.