Юлия Путинцева Майами жарысында корт иесіне жол берді

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 24-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.

Доданы екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 90-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен өткізді.

Бірінші партияда Путинцева 5:3 есебімен алға шыққанымен, сол мүмкіндігін пайдалана алмады — 6:7 (2:7).

Есесіне екіншісінде айқын басымдылық танытты — 6:1.

Үшінші, шешуші сетті америкалық спортшы сәтті бастап, есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры матчқа доп бергенде, қателескен жоқ — 6:1.

Екі сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Корт иесі 5 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Т.Таунсенд төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен таласады.

Ю.Путинцева өткен жылы Майами додасының ширек финалына дейін жеткен еді. Биыл сол табысын қайталай алмай, рейтингілік ұпайынан айырылды.

Осылайша, Е.Рыбакина мен Ю.Путинцева жекелей сында жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами турнирінде жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.