Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемдік рейтингіде 406-орында тұрған таиландтық Тхасапорн Накломен өткізді.
Бірінші партияда Путинцева 4:0 есебімен алға кеткенімен, таиландтық теннисші қатарынан бес геймді өз есебіне жазды – 7:5.
Екінші сетті Юлия сәтті аяқтай алды – 6:3.
Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға шығып, сол басымдылықты берген жоқ – 6:2.
Екі сағат 22 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 2 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың 8-ін құр жіберген жоқ. Т.Накло 3 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған швейцариялық Виктория Голубичпен таласады. Ол әлемнің 114-ракеткасы, бразилиялық Лаура Пигоссиді ойсырата ұтты – 6:1, 6:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның матчы үздіктер қатарына енгізілгенін жазған едік.
Сондай-ақ жас теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.