АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 70-ракеткасы Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Отандасымыз ширек финалда әлемнің 40-ракеткасы Синьюй Ваннан бірінші партияда 6:1 есебімен жеңілді. Алайда Путинцева екінші сетте 6:3 есебімен есе қайыра білді. Шешуші үшінші партияда қытайлық спортшы мықтылық (3:6) танытты.
Екі сағат 12 минутқа созылған спорттық бәсекеде Юлия 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ван 1 эйс, 8 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).