Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform .
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 35-інші, жарыстың 6-ракеткасы, қытайлық Ван Синьюймен кездесті.
Бірінші партия барысында Ю.Путинцева алға шыққанымен, сол басымдығын сақтап қала алмады — 4:6.
Екінші сетте де В.Синьюй есесін жібермеді — 7:5.
Бір сағат 44 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қытайлық спортшы 2 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын қалт жібермеді.
Ю.Путинцева 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Осылайша Юлия Путинцева үшін жылдың алғашқы жарысы сәтсіз аяқталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Аустралияда негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).