Ресей мен Украина арасында газға қатысты келіссөздер жүргізу барысында өз қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға сотталған Тимошенко ханым ем алып жатқан ауруханадан шығып, бостандыққа бет алған.
Сәл бұрын аталмыш елдің депутаттары N4166 «Украинаның Юлия Тмошенконы босатуға қатысты халықаралық міндеттемелерін орындау туралы» қаулыны қабылдаған болатын. Бұл шешім үшін 322 халық қалаулылары дауыс берген.