Мұндай шешімді Печер ауданының соты Родион Киреев шығарып отыр.
ИТАР-ТАСС хабарлағанындай, сот айыпталушы тараптың ұсыныстарының айтарлықтай бөлігін қанағаттандырды. Сонымен қатар, қаралып отырған іске жаңа материалдар қосылатындығына да уәде берді.
Алайда, 2009 жылдың қаңтарында Ресейге Украина үшін тиімсіз негізде газ келісімшартын жасады және де қызмет лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталып отырған Тимошенкоға қарсы қылмыстық істі жабу туралы оның қорғаушысы түсірген қолдаухатты қараудан ол тағы да бас тартты. Тимошенконың қорғаушысы мұндай өтінішті бүгін берген болатын.
Айыпталушының өзі «судья 15-16 қыркүйек күні айыптау үкімін шығару жөнінде» бұйрық алды» деп мәлімдеме жасады.
Соттың келесі мәжілісі 12 қыркүйекке белгіленді.