Юнас Юнланд «Барыс» хоккей клубынан шығарылды

None
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Қорғаушы Юнас Юнланд «Барыс» хоккей клубының құрамынан шықты.

Клуб және хоккейші екіжақты келісім арқылы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім жасады.

 «Клубта да, хоккейшіде де бір-біріне наразылықтары жоқ»,-делінген аталған хоккей клубының мәліметінде.

 «Барыс» басшылығы Юнасқа команда сапындағы ойындары үшін алғысын айтып, клубтың ұжымдық жетістіктеріндегі жеке үлесін жоғары бағалап отыр.