Олардың қатарына Тәжікстандағы көне Саразм елді мекені де кіріп отыр. Пенджикент аудан орталығының батысына қарай 15 шақырым жерде орналасқан көне Саразм қаласында жақсы сақталып жеткен біздің дәуірімізге дейінгі IV-II ғасырлардың сарайлары мен мәдени нысандары, қоғамдық және тұрғын үй құрылыстары бар, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Оған қоса, ескерткіштер тізіміне Вьетнамдағы император сарайы, Қытайдағы храмдар, Ирандағы ежелгі базар, Австралияда XVIII ғасырда салынған алғашқы түзету колониясы және басқа да түрлі нысандар кіріп отыр.