ЮНЕСКО Бас директоры Қазақстан халқының ядролық сынақтармен күреске және оның келешек ұрпаққа сау әрі бай әлем қалдыруға халықаралық қолдауды жұмылдыруға күш салып отырғандығына алғысын білдірді

None
амыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан қайшылығы мол әрі өзара байланысты әлемге мәдени әртүрліліктің кеңеюіне және өзара түсіністіктің нығаюына үлес қосады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ядролық жарылысқа қарсы іс-қимылдың Халықаралық күніне ұйымдастырылған конференция қатысушыларына ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокованың Үндеуінде айтылған.

Аталған Үндеуді ЮНЕСКО-ның Орта Азиядағы өңірлік өкілі Сергей Лазарев оқып берді.

«Қазақстанның бейбіт даму әрі ынтымақтастық идеясының айнымас жолына түскені үшін алғысымды білдіремін. Бұл ел ядролық қарусыздану және таратпаудың ғаламдық процесінде жетекшілік рөлдердің бірін ғана ойнап отырған жоқ. Ол біздің барған сайын өзара байланысты және қайшылығы мол әлемімізде мәдени әртүрліліктің кеңеюіне және өзара түсіністіктің нығаюына үлес қосады», делінген Үндеуде.

Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры Қазақстан халқының ядролық сынақтармен күреске және оның келешек ұрпаққа сау әрі бай әлем қалдыруға халықаралық қолдауды жұмылдыруға күш салып отырғандығына алғысын білдірген.