ЮНЕСКО Бас конференциясының 2025 жылғы сессиясы Самарқандта өтеді
12:09, 23 Қараша 2023
Париждегі ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында келесі жиынды 2025 жылы Самарқандта өткізу шешімі қабылданды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 40 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет ЮНЕСКО Бас конференциясының сессиясы Парижден тыс жерде өтпек.
«Бұл - дипломатиялық жетістік», - деп мәлім етті 42-ші сессияның төрағасы Симон-Мирела Микулеску шешім қабылдау барысында.
Сессия соңғы рет 1985 жылы Парижден тыс жерде (София, Болгария) өткен еді.