Жексенбі күні Бразилия елордасында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетінің 37-ші жыл сайынғы сессиясы өз жұмысын бастады. Әлемнің 187 елінің 800-ден астам өкілі қатысып жатқан форумның жұмысы тамыздың 3-іне дейін жалғасады. Әлемдік маңыздағы табиғат ескерткіштерінің мәртебесін алуға үміткерлердің қатарында биыл Сібірдегі биосфералық қорық - Путоран үстірті де бар.
Форумда сондай-ақ ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген және бүгінде жағдайлары алаңдаушылық туғызып отырған 147 ескерткішті сақтап қалу мәселесі сөз болады.
Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне әлемнің 148 елінен 890 нысан кіреді.