ЮНЕСКО: «Ислам мемлекеті» содырлары тарихи мәдени ескерткіштердің денін жойып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары әлем мәдениетінің құнды ескерткіштеріне Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ең көп зиян келтірді, деп мәлімдеді ЮНЕСКО-ның директоры Ирина Бокова.

«Біз Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бері осыған ұқсас ештеңе көрген емеспіз. Бұл - әлемдік мұраны жүйелі түрде жою», деп мәлімдеді Бокова «Ассошиэйтед Пресс» агенттігіне берген сұхбатында. Таяуда «ИМ» содырлары Сирияның солтүстік-батысындағы Хомс провинциясында орналасқан Эль-Карьятейн шағын қаласының христиандар шіркеуін бульдозермен сүріп тастады. Мамырда экстремистік топ ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының ескерткіші болып табылатын көне Пальмира қаласын бақылауына алған.