ҚР басшысы «Манас» эпосы мемлекеттік мұражайында өткізілген екі жас жұптың неке қию салтанатты шарасына қатысты. Президент жас жұбайларға неке қию туралы күәлігін тапсырып, оларға жақсылық, бақыт пен ынтымақтастық тіледі.
Президенттің облыс ақсақалдарымен және «манасшылармен» кездесуі эпостан үзінді оқумен басталды. Кездесу барысында Қырғызстан басшысы: «Мен жағдаймен жергілікті орында танысу, сіздермен көкейкесті мәселелерді, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағын талқылау үшін келдім», - деп атап өтті.
Кездесудің тағы бір маңызды оқиғасы ретінде, Дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымының «Манас» эпосын адамзаттың ауызша материалдық емес құндылығының бірегейі деп тануы туралы сертификатының тапсырылуы болды. Р.Отынбаева аталмыш сертификатты танымал қоғам қайраткері, «Манас Ордо» кешенін құрушылардың бірі Бексұлтан Жакиевке табыс етті.
Сапар соңында Мемлекет басшысы «Манас Ордо» Ұлттық кешені аумағында Тянь-Шань шыршасын отырғызды.