ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасының тізімі жаңартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық Шампань мен Бургундия тарихи аумақтары ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енді. Мұндай шешім Боннда өтіп жатқан 1972 жылы қабылданған Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы ЮНЕСКО Конвенциясының негізгі органы -Бүкіләлемдік мұра комитетінің сессиясында қабылданды, деп хабарлады ТАСС.

Шампань «жанды мәдени ландшафт» дәрежесіне ілікті - тізімге оның пейзажы, әсем үйлері, ішіне шараптар қойылған жартаста ойылған жертөлелері енді. ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізімінің «мәдени ландшафт» дәрежесіне Бургундия жүзім алқабын да енгізді. Мұндағы жүзімнен әлемге әйгілі шараптар әзірленеді.