ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген кесенені бүлдіріп кетті

АСТАНА. 6 мамыр  - «Ансар ад-Дин» исламдық тобының мүшелері Малида 4 мамырда Тимбукту қаласындағы мұсылман мавзолейін қорлады,

 деп хабарлайды BAQ.KZ ресейдің жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Сиди Махмуд Бен Амар мавзолейі мұсылмандар зиярат ететін орынның бірі болатын.

Куә болғандардың айтуынша, қасиетті орынға зиярат етуге бара жатқандарды экстремистер тоқтатып, жібермей қойған. Олар мұсылман үшін бұл әрекет күнә деп санайтындарын айтқан. Аллаға өлгендер (аруақ) арқылы жүгінбеу керек, Жаратушының өзіне тікелей құлшылық ету қажет деген. Осылай деген эстремистер кесенеге баса-көктей кіріп, зиратты көмкеріп тұрған ақ матаны өртеп жіберген. Бұған қоса содырлар кесенедегі барлық ағаш заттарға от қойған. Олар Тимбуктудағы мұсылмандар тәу ететін осындай орындардың барлығын талқандайтындарын айтқан.
Мали үкіметі содырлар әрекетін айыптап мәлімдеме жасады.  ЮНЕСКО тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.