Ведомствоның ақпараты бойынша, Парижде өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 35-ші сессиясының аясында қазанның 15-інде ұйымның жаңа бас директорын тағайындау рәсімі өтті. Ұйымға мүше елдердің басым дауыстарымен бұл лауазымға Атқарушы кеңес ұсынған Болгария өкілі Ирина Бокованың кандидатурасы бекітілді.
И.Бокова ЮНЕСКО-ны 1999 жылдан бері басқарып келген Коитиро Мацууроның орнына келеді. И.Бокова 1952 жылы Софияда туған. 1977 жылдан бері - дипломатиялық қызметте, 1996-1997 жылдары Болгарияның сыртқы істер министрі болған. 2005 жылдан бастап И.Бокова - Болгарияның Франциядағы Елшісі, Болгарияның ЮНЕСКО жанындағы өкілі. 1976 жылы Мәскеуде МГИМО-ны, 1989 жылы АҚШ-та Мэриленд университетін тәмамдаған.