Егер Прага биік ғимараттар салу жоспарын өзгертпесе, ЮНЕСКО алдымен қала орталығын қауіп төнген мәдени мұралар тізіміне енгізіп, кейін мүлде тізімнен шығарып жіберуі мүмкін.
ЮНЕСКО Прагадағы құрылыс жоспарларына байланысты алғаш рет 2017 жылдың күзінде дабыл қаққан болатын. Сол кезде Прага басшылығы қаланың тарихи ауданы Панкрацта бірнеше тұрғын үй салуға рұқсат берген еді.
2017 жылы ЮНЕСКО Венаның тарихи орталығындағы көпқабатты үйлердің салынуына байланысты, оны да қауіп төніп тұрған нысандар тізіміне енгізген. Дәл осы тізімге 2012 жылы Ливерпуль де кіргізілді.
Дегенмен, Еуропа әлемнің мәдени нысандарға ең бай өңірі болып саналады. Еуроодаққа мүше елдердің өзінде олардың саны 350-ден асады.