ЮНЕСКО Сириядағы ескі қала Алепподағы өртті «қасірет» деп атап отыр

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сирия үкіметі мен көтерілісшілер арасында қарулы қақтығыстың салдарынан  Алеппо қаласында өрт шығып, Таяу Шығыстағы ең көне базардың бір бөлігі отқа оранды,

 деп хабарлайды BBC.

Деректерге қарағанда мұнда үлкенді-кіішілі  1000-ға жуық дүгендер жанып кеткен. 
 
Алеппо - Сирияның ең ірі, халық жиі қоныстанған қаласының бірі. Көне шаһарда орта ғасырлық ірі базар бар. Мұндағы үйлер де ескі заманда ағаштан қиылып жасалған. Бұл базар әлемге ортақ тарихи мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген.  

Ұйым өкілдері көне шаһарда болған өртті "қасірет" деп атады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Кишор Рао: "Ескі қаланың өртенуі - үлкен шығын және қасірет" деп мәлім етіп отыр.

Алеппо қаласында қазіргі уақытта  Сирия үкіметіне қарсы көтерілгендер мен билік әскері шайқасып жатыр.