ЮНЕСКО Сириядағы мәдени мұра ескерткіштерін қорғауға шақырады

ПАРИЖ. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша (ЮНЕСКО) бас директоры Ирина Бокова Сириядағы қақтығысқан тараптарға тарихи ескерткіштерді қорғауды ұсынды.

Мәдени мұраның Бүкіләлемдік тізіміне алты сириялық ескерткіш: Дамаскідегі ескі қала, Халебтегі ескі қала, Пальмираның археологиялық ескерткіштері, Босрдағы ескі қала, Госпитальер Крак-де-Шевалье сарайы, Калъат-Салах-ад-Дин сарайы (Саладин қорғаны) және Солтүстік Сирияның Көне ауылдары. Сондай-ақ ЮНЕСКОНЫҢ алдын ала тізіміне бірқатар нысандар енгізілген. Кейбір мәліметтер бойынша, Апамеядағы аль-Мадик қорғаны, Дераадағы Омар мешіті және Хомс қаласындағы киелі Илия шіркеуі бомбылауға ұшыраған.